Бүгін Ташкентте қатты тұман: төрт рейс қона алмады

Ташкент қаласында қолайсыз ауа райына, әсіресе қатты тұманға байланысты бірқатар рейстер балама әуеайлақтарға бағытталды. Бұл туралы Uzbekistan Airports ақпараттық қызметі хабарлады.
Белгілі болғандай, бүгін - 18 февральда Ташкент халықаралық әуежайы аумағында күшті тұман байқалған.
Осыған байланысты "Centrum Air" әуекомпаниясының Санкт-Петербург - Ташкент бағытындағы C6422 рейсінің экипажы Науаи халықаралық әуежайына қонуға шешім қабылдады.
Сондай-ақ, "Turkish Airlines" әуе компаниясының Ыстамбұл - Ташкент бағытындағы THY368 рейсінің экипажы Самарқант қаласындағы балама әуежайға жіберілді.
Тағы бір "Centrum Air" әуекомпаниясының Жидда - Ташкент бағытындағы C6322 рейсі де Самарқант халықаралық әуежайына қондырылды.
Сонымен қатар, әуе компаниясының Гуанчжоу - Ташкент бағытындағы C6512 рейсінің экипажы да ауа райына байланысты Самарқанттағы балама әуежайға бағытын өзгерткен.
Хабарламада атап өтілгендей, Ташкент халықаралық әуежайынан ұшақтардың ұшуы әдеттегі тәртіпте жүзеге асырылуда, шектеулер тек рейстерді қабылдау үдерісіне ғана қолданылған.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!