date

Өзбекстанда әр бейсенбі "Жастар күні" деп жарияланды

Өзбекстанда әр бейсенбі "Жастар күні" деп жарияланды

Өзбекстанда әр аптаның бейсенбісі ресми түрде "Жастар күні" ретінде белгіленді. Бұл бастама елдегі министрліктер, кеңселер мен әкімдіктерде жастарды қолдап-қуаттау және олардың мәселелерін шешу мақсатында ұйымдастырылуда.

Әр бейсенбі сайын сала басшылары махаллаларға, мектептер мен техникумдарға барып, жастармен сұхбаттасып, олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, күнделікті өмірдегі мәселелерін шешуге көмектеседі.

Әкімдер мен жауапты басшылар жастар үшін қолдау шараларын да ұйымдастырады. Олар жастардың білім алуына, спортпен шұғылдануына, мамандық пен шет тілдерін меңгеруіне, сондай-ақ жұмысқа орналасуына немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысуына мүмкіндіктер жасайды. Сондай-ақ, стартапшы жастармен кездесулер өткізіліп, оларға арнайы гранттар мен қаржылық қолдау көрсетіледі.

Бұл күні ең жақсы бағбан, фермер, өнеркәсіпші, стартапшы, шығармашыл және руханият саласында жұмыс істейтін жастар үшін қызықты байқаулар, көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Бұл іс-шаралар жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, жаңа идеялар мен жобаларды дамытуға үлкен мүмкіндік береді.

"Жастар күні" жастармен тілдесу, олардың шығармашылық және еңбек әлеуетін қолдап-қуаттау және жаңа дарындарды ашуда маңызды рөл атқарады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстанда әр бейсенбі "Жастар күні" деп жарияланды