date

Өзбекстан мектептерінде көктемгі демалыс күні ресми түрде жарияланды

Өзбекстан мектептерінде көктемгі демалыс күні ресми түрде жарияланды

Өзбекстанда мектеп оқушылары үшін көктемгі демалыс күні белгілі болды. Биылғы демалыс Рамазан айт мерекесіне орай 20 март күнінен басталады.

Мектепке дейінгі және мектептегі білім министрлігінің мәліметінше, оқушылар 28 наурызға дейін демалуға мүмкіндік алады. Осылайша, мектеп оқушылары бір аптадан астам демалысқа шығып, күш жинауға мүмкіндік алады.

Мамандардың айтуынша, көктемгі демалыс тек демалыс үшін ғана емес, оқушылардың денсаулығын қалпына келтіру және жаңа тоқсанға дайындық үшін де маңызды.

Мәлім етілгендей, 2025-2026 оқу жылының 4-тоқсаны 30 март дүйсенбіден басталады. Демалыс аяқталғаннан кейін сабақ үрдістері әдеттегі тәртіпте жалғасады.

Сонымен қатар, каникул күндеріне тура келген кейбір оқу сабақтары да назардан тыс қалмайды. Атап айтқанда, 20 март (жұма) және 28 март (сенбі) күндеріне арналған сабақтар кейіннен 4-тоқсанда оқу бағдарламасына қосымша орналастырылып, тығыздалған тәртіпте өткізіледі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстан мектептерінде көктемгі демалыс күні ресми түрде жарияланды