
Telegram мессенджерінде Павел Дуровқа ұқсас кейіпкер қатысатын жаңа ойын пайда болды. Бұл ойында басты кейіпкер француз түрмесінен қашып шығып, жолда күдікті адамдармен кездеседі.
Ойын Telegram негізін қалаушысы Павел Дуровпен байланысты болмаса да, ол бұл жоба туралы өзінің ресми арнасында айтып, оған сілтеме бөлісті. «Біреу менің француз түрмесінен қашып жатқаным туралы ойын жасапты.
Жолда түрлі күдікті адамдармен кездесіппін. Мұны өзіңіз байқап көріңіздер!
Тек Telegram-да тәуелсіз бағдарламашылар осындай нәрсе жасай алады», – деп жазды Дуров. Дуровтың айтуынша, ол бұл жоба туралы алдын ала ештеңе білмеген және оған қатыспаған.
«Жоба авторларына құрмет», – деп қосты Telegram негізін қалаушысы. Total Glitch деп аталатын бұл ойын тәуелсіз бағдарламашылар тарапынан жасалған және Mini App платформасында жұмыс істейді.
Бұл құрал мессенджер ішінде қосымша бағдарламалар мен ойындарды орнатпай іске қосуға мүмкіндік береді. Ойын авторларының пікірінше, ойыншы түрмеден қашып, түрлі жауларға қарсы күресу арқылы еркіндікке жетуі керек болады.
Дуровтың бұл ойын туралы жазбасы әлеуметтік желілерде тез тарап, қолданушылар тарапынан «жылдың ең күтпеген Telegram жарнамасы» деп бағаланды. Белгілі болғандай, Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың француз құқық қорғау органдарымен қарым-қатынасы әрдайым күрделі болған.
2024 жылдың тамызында оны Telegram-дағы контентті «дұрыс модерацияламау» ісі бойынша Францияда қамауға алып, бірнеше күн бойы тергеген. Дуров төрт күн қамауда болған, кейінірек кепілмен босатылған.
Кейінірек Дуров бірнеше рет Францияны, азаматы бола тұра, сөз бостандығына қол сұғуда айыптаған.
Павел Дуров туралы ойын назар аудартты
Ctrl
 Enter
 Қате таптыңыз ба? 
 Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар