
Манчестер Юнайтед Мадридтің Реал клубының шабуылшысы Эндрикті жалға алуға қызығушылық танытқан еді. "Қызыл әзәзілдер" 19 жастағы футболшыны сатып алу құқығымен жалға алуды ұсынды, бірақ бұл ұсынысты Реал басшылығы қабылдамай тастады, деп хабарлайды ESPN.
Сол себепті жас бразилиялық футболшыны Астон Вилла клубына да жібермеді. Мәліметтерге қарағанда, қаңтар айында Эндрик Лион клубына сатып алу құқығынсыз жалға өтуі мүмкін.
Бұрынғы Палмейрас ойыншысы қазіргі маусымда Реал сапында тек бір рет алаңға шықты. Бұл ойын Валенсияға қарсы өткен.
Ctrl
 Enter
 Қате таптыңыз ба? 
 Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз