date

Ауғанстанда күшті жер сілкінісі: 20 адам қаза тапты

Ауғанстанда күшті жер сілкінісі: 20 адам қаза тапты
Ауғанстанның солтүстігінде күшті жер сілкінісі болып, кемінде 20 адам қаза тапты және жүздеген адам жарақат алды. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, құтқару жұмыстары жалғасып жатқандықтан, қаза болғандар саны артуы мүмкін. Жер сілкінісі дүйсенбі күні түнгі бір шамасында Мазари-Шариф қаласы маңында орын алған. АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің қуаты 6,3 баллды құраған.

Денсаулық сақтау министрлігі 530-дан астам адамның жараланғанын хабарлады. Балх облысының өкілдері көптеген тұрғындардың жарақат алғанын және кейбір ғимараттардың зақымданғанын айтты. Кейбір адамдар биік ғимараттардан секіріп, жарақат алған. Жер сілкінісі кезінде Мазари-Шариф тұрғындары үйлерін тастап, көшеге шыққан.

Табиғи апат елдің электр желілеріне де зиян келтірді. Өзбекстан мен Тәжікстаннан келетін электр желілерінің үзілуіне байланысты ел бойынша, соның ішінде астана Кабулда да электр жарығы өшкен.

Ауғанстан жер сілкіністеріне өте бейім аймақта орналасқан. Тамыз айында елдің шығысында болған 6 балдық жер сілкінісінде 1 100-ден астам адам қаза тапқан еді. Сарапшылардың айтуынша, Ауғанстандағы көптеген үйлер жер сілкінісіне төзімсіз және байланыс жүйесінің әлсіздігі құтқару жұмыстарын қиындатады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Ауғанстанда күшті жер сілкінісі: 20 адам қаза тапты