date

Франция соты Сауд Арабиясының тақ мұрагеріне қатысты іс қозғады

Франция соты Сауд Арабиясының тақ мұрагеріне қатысты іс қозғады

Францияда Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманға қатысты жаңа сот тергеуі басталды. Бұл шешімді Париж апелляциялық соты қабылдады.

Бұл туралы AFP хабарлады.

Тергеу саудиялық журналист Джамал Хашоггидің 2018 жылы Ыстанбұлда өлтірілуіне байланысты оқиғалар бойынша жүргізілуде. Мәліметтерге сәйкес, іс азаптау және күштеп жоғалып кету фактілері бойынша түскен шағымдар негізінде қаралуда.

Джамал Хашогги 2018 жылғы 2 қазанда Сауд Арабиясының Ыстанбұлдағы бас консулдығына кіріп, содан кейін хабар-ошарсыз кеткені белгілі. Түркия тарапы оның өлтірілгенін және денесінің жойылғанын мәлімдеген болатын.

Бұған дейін Франция прокуратурасы бұл істі жүргізуге сақтықпен қараған еді. Алайда сот шешімімен енді оқиға бойынша ресми тергеу процесі басталды.

Естеріңізге сала кетейік, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған, сондай-ақ АҚШ-тың Ұлттық барлау қызметі өз есебінде Мұхаммед бен Салман журналисті ұстау немесе жою жөніндегі операцияны мақұлдауы мүмкін екенін білдірген болатын. Бұл оқиға өз кезінде халықаралық деңгейде үлкен резонанс тудырған еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Франция соты Сауд Арабиясының тақ мұрагеріне қатысты іс қозғады