Huawei Қытай смартфон нарығында Apple-ді басып озды

Huawei компаниясы Қытай смартфон нарығындағы үлесін Apple-ге қарағанда екі есеге арттырып, көшбасшылықты қолға алды. Қазіргі таңда технологиялық алпауыт жергілікті нарықтың төрттен бір бөлігін бақылауда ұстап отыр. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .
Ағымдағы жылдың 19-аптасының (4-10 мамыр) қорытындысы бойынша, Huawei Pura 90 Pro модельдеріне деген жоғары сұраныс компанияны 25,55 пайыздық нарық үлесімен бірінші орынға шығарды. Сондай-ақ, Enjoy 90 сериясы, әсіресе Pro Max модификациясы, бастапқы деңгейдегі смартфондар сегментінде iPhone 17 модельдерінен айтарлықтай көп сатылуда.
Нарықтың екінші сатысын Oppo, OnePlus және realme брендтерін біріктіретін Oppo компаниясы 15,83 пайыз үлеспен иеленді. Үшінші орында 15,62 пайыз көрсеткішпен Vivo және iQOO тұрса, Xiaomi (Redmi-мен бірге) 14,49 пайыз үлеспен төртінші орында тіркелді.
Apple компаниясы болса 13,08 пайыз үлеспен бесінші орынға түсіп қалды. Рейтингтің алтыншы сатысында Honor бренді тұр. Сарапшылар Huawei-дің жетістігін инновациялық шешімдермен және жергілікті тұтынушылардың брендке деген жоғары сенімімен түсіндіреді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!