
Мемлекеттік статистика комитетінің соңғы есебіне сәйкес, 2023 жылдың алғашқы тоғыз айында Өзбекстанның жалпы ішкі өніміндегі бақыланбайтын экономика үлесі 33,3 пайызға жетті. Бұл көрсеткіш 433,67 триллион сомды (шамамен 36,17 миллиард АҚШ доллары) құрады.
Бұл осы жылдың бірінші жартысындағы 32,9 пайыздық үлестен асып, экономиканың жалпы өсуі аясында орын алды. Алғашқы мәліметтерге сәйкес, қаңтар-қыркүйек айларында елдің жалпы ішкі өнімі көлемі алғаш рет 1,3 квадриллион сомнан асып (шамамен 108,73 миллиард доллар), 7,6 пайыз нақты өсім тіркелді.
Бұл 2021 жылдан бері ең жоғары өсу қарқыны, яғни COVID-19 пандемиясынан кейінгі қайта қалпына келу кезеңі. Бақыланбайтын экономиканың құрылымы, яғни бейресми және жасырын қызмет түрлері, кейбір өзгерістерге ұшырады.
Негізгі үлес бейресми секторға тиесілі болып, бұл көрсеткіш 333,82 триллион сомды немесе ЖІӨ-нің 25,6 пайызын құрады. Жасырын экономика болса 99,85 триллион сомға тең болып, бұл ЖІӨ-нің 7,7 пайызын құрайды.
Салыстыру үшін, жылдың бірінші жартысында бейресми сектордың үлесі өскен болса, жасырын экономиканың үлесі сәл төмендеді. Салалар бойынша талдағанда, бақыланбайтын экономикалық қызмет ең көп ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы салаларында тіркелген, бұл көрсеткіш жалпы қосылған құнның 69,4 пайызына тең.
Келесі орындарда қызметтер саласы 36,2 пайыздық, құрылыс секторы 35 пайыздық үлеспен тұр. Өнеркәсіп саласында бұл үлес ең төмен деңгейде – 10,2 пайыз.
2024 жылдың қорытындысы бойынша, бақыланбайтын экономиканың көлемі 505 триллион сомнан асқан (шамамен 40 миллиард АҚШ долары) болып, ЖІӨ-нің 34,8 пайызына тең болған. Ол кезде бейресми экономика ЖІӨ-нің 26,4 пайызын, жасырын экономика 8,4 пайызын құраған.
2023 жылдың қыркүйек айында жасырын экономиканың көлемі 32 миллиард долларға тең деп бағаланып, ЖІӨ-нің шамамен 40 пайызын құраған. Мұнда қайталама тұрғын үй және автокөлік нарықтары, бейресми сауда мен қызмет көрсету саласы негізгі факторлар ретінде аталған.
Ел үкіметі бұл секторды қысқарту жолында жүйелі шаралар қолдануда. Мысалы, 2024 жылдың шілдесінде Бас прокуратура азаматтардан заң бұзушылықтар туралы ақпарат жинау және бар мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар қабылдау үшін арнайы Telegram-бот іске қосты.
Құқық қорғау және бақылау органдарының әрекеттері өз жемісін беруде: 2024 жылдың қорытындысында Бас прокуратура мемлекеттік бюджетке бұрын «жасырын» болған 16 триллион сом қаражатты өндіріп берді. Бұдан бөлек, 15 мыңнан астам жұмыс орны және 9 мың кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі заңдастырылды, қылмыстық істер аясында 2 триллион сомдық шығын өтелді.
Үкімет болашақ үшін үлкен мақсаттар қойған. Мемлекеттік салық комитеті төрағасының орынбасары Мұбин Мирзаев 2024 жылдың желтоқсан айында жасырын экономиканың көлемін 2030 жылға дейін екі есеге қысқарту жоспарлары туралы хабарлаған еді.
Күтілуінше, 2025 жылдың өзінде экономиканы “ақшаландыру” шаралары мемлекеттік бюджетті қосымша 20 триллион сомға толықтырады.
Қазақстанда жасырын экономика үлесі артты
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар