date

Өзбекстанда тұрғын үй саудасы наурыз айында 47 пайызға өсті

Өзбекстанда тұрғын үй саудасы наурыз айында 47 пайызға өсті

Экономикалық зерттеулер және реформалар орталығы 2026 жылғы наурыз айының қорытындысы бойынша Өзбекстанның жылжымайтын мүлік нарығына шолу жариялады. Мәліметтерге сәйкес, елде тұрғын үй саудасы қарқынды өсіп, тіркелген мәмілелер саны 43,6 мыңды құрады. Бұл көрсеткіш ақпан айымен салыстырғанда 47 пайызға, ал өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі еседен астамға көп. Бұл туралы Uzdaily.uz хабарлайды.

Мамандар бұл өсімді сәуір айынан бастап күшіне енген эскроу-шоттар арқылы есеп айырысу жүйесіне көшумен байланыстырады. Жаңа механизм енгізілер қарсаңында сатып алушылар мен сатушылар мәмілелерді жеделдетуге тырысқан. Өңірлер бөлінісінде ең жоғары өсу қарқыны Жиззах (73,2 пайыз), Сырдария (64,6 пайыз) және Наманган (63 пайыз) облыстарында тіркелді. Ташкент қаласында сауда көлемі 44 пайызға артып, 12,8 мың мәмілені құрады.

Қайталама нарықта бағалар тұрақты түрде өсуін жалғастыруда. Республика бойынша бір айда бағалар 0,4 пайызға, ал жыл бойында 10 пайызға көтерілді. Сырдария және Самарқанд облыстарында баға өсімі тиісінше 22 және 18,7 пайызбен ең жоғары болды. Елорданың қайталама нарығында жылдық өсім 5 пайызды құрап, Мирабад, Мырза Ұлықбек және Чиланзар аудандарында бағалар жоғары деңгейде қалып отыр.

Жалдау нарығы да жандана түсті. Ташкент қаласында жалдау ақысы бір айда 2,7 пайызға өсіп, әр шаршы метр үшін орташа есеппен 8,9 АҚШ долларына жетті. Орталық аудандарда жалдау ставкалары 11 АҚШ долларына дейін көтерілген. Жаңадан салынған үйлер сегментінде орташа баға өткен жылмен салыстырғанда 8,8 пайызға өскені байқалды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Экономика » Өзбекстанда тұрғын үй саудасы наурыз айында 47 пайызға өсті