date

Spotify әртістерді жасанды интеллекттен қорғау үшін арнайы белгі енгізді

Spotify әртістерді жасанды интеллекттен қорғау үшін арнайы белгі енгізді

Spotify стримингтік қызметі тыңдармандарға нағыз адам шығармашылығын жасанды интеллект арқылы жасалған тректерден ажыратуға көмектесетін ауқымды растау бағдарламасын іске қосуда. Әртістердің парақшаларында жасыл түсті «Verified by Spotify» белгісі пайда болады.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Бұл жаңалық жасанды интеллект көмегімен жасалған музыкалар санының күрт өсуіне жауап ретінде енгізілді. Бәсекелес Deezer қызметінің мәліметінше, күн сайын жүктелетін тректердің 44 пайызы нейрожелілер арқылы жасалады.

Растау белгісін алу үшін әртіс шынайы өмірдегі қызметін дәлелдеуі тиіс. Оған концерттік турлар, өнімдер сатылымы және әлеуметтік желілердегі белсенділік туралы ақпараттар кіреді.

Spotify негізінен жасанды интеллект көмегімен жасалған профильдерге бұл белгіні бермейді.

Бастапқы кезеңде ең танымал әртістердің 99 пайызы осы белгіге ие болады. Олардың басым бөлігі — тәуелсіз орындаушылар.

Сондай-ақ, Spotify музыканттарға өз есіміне тіркелген релиздерді алдын ала модерациялауға мүмкіндік беретін «Artist Profile Protection» функциясын сынақтан өткізуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Spotify әртістерді жасанды интеллекттен қорғау үшін арнайы белгі енгізді