date

Денауда зарядталып жатқан электромобиль өртенді

Күміс түсті кроссовердің ішкі бөлігі мен алдыңғы жағы қатты жалынға оранды.

Сурхандария облысының Денау ауданында зарядталып жатқан электромобиль өртеніп кетті. Оқиға 26 мамырда «Богишамол» махалласы аумағында болғаны хабарлануда.

Сурхандария облыстық Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, сағат 16:22-де 112 жүйесі арқылы азаматқа тиесілі Leapmotor C11 маркалы электромобильдің зарядтау станциясында тұрған жерінде кенеттен өртенгені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетті. Екі экипаждың қатысуымен өрт қысқа уақыт ішінде ауыздықталып, толығымен сөндірілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Денауда зарядталып жатқан электромобиль өртенді