
Португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналду көпжылдық сүйіктісі Жоржина Родригеске үйленгісі келетінін айтты. Бұл туралы ол танымал журналист Пирс Морганға берген сұхбатында айтты.
"Әлем чемпионатынан кейін, мундиаль жеңімпазы ретінде той жасау ең жақсы жоспар шығар," - деді Роналду.
Футболшы бұл шешімін әзілмен жариялағанымен, жанкүйерлер бұл сөздерді байыпты қабылдады. Олардың пікірінше, Роналду мен Джорджинаның қарым-қатынасы ақыры ресми сипатқа ие болады.
Айта кетейік, Криштиану Роналду мен Жоржина Родригес 2016 жылдан бері бірге. Олар бірге бірнеше бала тәрбиелеуде.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар