«Баварияда» ең жоғары жалақы Мусиалаға төленеді

Мюнхеннің «Бавария» клубында қазір ең көп табыс табатын футболшының кім екені белгілі болды. Бұл туралы euro-football.ru хабар береді.
Журналист Кристиан Фальктың мәліметінше, командадағы ең жоғары жалақы шабуылға бейім жартылай қорғаушы Джамал Мусиалаға тиесілі. Дереккөзге сүйенсек, бонустарды қоса есептегенде 22 жастағы футболшының жылдық табысы шамамен 30 миллион еуроны құрайды. Тіпті команданың жұлдызды шабуылшысы Гарри Кейннің өзі бұдан аз жалақы алатыны атап өтіледі.
Мусиала биылғы Бундеслига маусымында әзірге небәрі бір матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді. Жартылай қорғаушының қаңтарға дейін ауыр жарақаттан кейін қалпына келу кезеңінде болғаны еске салынды.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз