date

Зәйтүн жүрек саулығын жақсартып, холестерин деңгейін теңестіреді

Зәйтүн жүрек саулығын жақсартып, холестерин деңгейін теңестіреді

Салауатты өмір салтын сақтауда тағам таңдау шешуші маңызға ие. Мамандардың пікірінше, күнделікті рационға зәйтүн қосу жүрек-қан тамырлары жүйесіне үлкен пайда әкелуі мүмкін. Америкалық кардиолог Бретт А. Силаве бұл өнімнің жасырын, бірақ маңызды пайдалы қасиеттері туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді.

Дәрігердің атап өтуінше, зәйтүн құрамындағы пайдалы майлар, әсіресе олеин қышқылы ағзадағы холестерин теңгерімін жақсартуға қызмет етеді. Ол тығыздығы төмен липопротеиндер (яғни «жаман» холестерин) мөлшерін азайтып, керісінше, тығыздығы жоғары липопротеиндердің («жақсы» холестерин) деңгейін көтеруге көмектеседі.

Бұдан бөлек, олеин қышқылы қабыну процестерін бәсеңдету қасиетіне де ие. Бұл қан тамырларында қауіпті түйіндердің пайда болуының алдын алуға, олардың иілгіштігін сақтауға және қан қысымын тұрақтандыруға септігін тигізеді. Соның нәтижесінде жүрек ауруларының даму қаупі айтарлықтай төмендейді.

Мамандар зәйтүннің пайдасы тек майлармен шектелмейтінін де атап өтуде. Оның құрамында жасұнық (клетчатка), антиоксиданттар сияқты ағзаға қажетті бірқатар қоректік заттар бар. Бұл элементтер жалпы денсаулықты нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Бретт А. Силавенің айтуынша, зәйтүнде темір және мыс сияқты минералдар да кездеседі. Олар қызыл қан жасушаларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, иммундық жүйені нығайтады және жүрек қызметін қолдайды.

Қорыта айтқанда, зәйтүнді жүйелі түрде тұтыну — тек дәмді әдет қана емес, сонымен бірге денсаулыққа салынған тиімді инвестиция. Шағын ғана өнімнің берер пайдасы орасан десек, артық айтқандық емес.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Денсаулық » Зәйтүн жүрек саулығын жақсартып, холестерин деңгейін теңестіреді

Ең көп оқылғандар Денсаулық жаңалықтары