date

Ташкентте электр желілері кәсіпорнының инженерлері парамен ұсталды

Ташкентте электр желілері кәсіпорнының инженерлері парамен ұсталды

Елордада сыбайлас жемқорлыққа қатысты кезекті дерек әшкере болды. Ташкент қаласы аудандарының бірінде жұмыс істейтін электр желілері кәсіпорнының екі инженері қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, пара талап еткені анықталды.

Мәліметтерге сәйкес, инженерлер коммерциялық банк филиалының ғимаратына орнатылған электр есептегішті тексеру барысында заң бұзушылықты тіркеген. Тексеру кезінде есептегіштің желіге қате схема арқылы қосылғаны және соның салдарынан электр энергиясының шығыны бойынша есеп-қисап дұрыс жүргізілмегені белгілі болған. Осы негізде 400 миллион сум көлемінде айыппұл салынуы тиіс еді.

Алайда лауазымды тұлғалар бұл жағдайды жеке мүдделеріне пайдаланбақ болған. Олар электр желісін қосу жұмыстарын жүргізген жауапты ЖШС басшысына айыппұл мөлшерін 65 миллион сумға дейін азайтып беруді ұсынып, бұл қызметі үшін 8 мың АҚШ долларын талап еткен.

Өткізілген жедел іс-шара нәтижесінде Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің өңірлік басқармасы мен Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің қызметкерлері инженерлерді параны үшінші тұлға арқылы алып жатқан сәтінде қолға түсірді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық жағдай жан-жақты зерттелуде. Тергеу амалдары жалғасуда және кінәлі тұлғаларға қатысты заңды шара қолданылатын болады.

Құзырлы органдар азаматтарды мұндай заң бұзушылықтарға бей-жай қарамауға шақырады. Егер осындай жағдайларға тап болсаңыз, 1520 қысқа нөмірі арқылы хабарлауға болатыны айтылды. Сонымен қатар, хабарласқан адамдардың құпиялылығы сақталуына кепілдік беріледі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Қоғам » Ташкентте электр желілері кәсіпорнының инженерлері парамен ұсталды