date

АҚШ дрондар тобына қарсы жаңа “электронды робот” жасады

АҚШ дрондар тобына қарсы жаңа “электронды робот” жасады

АҚШ-тың Epirus және General Dynamics Land Systems (GDLS) компаниялары қазіргі соғыстарда дрон қауіпінің артуына жауап ретінде жаңа автономды робот жүйесін таныстырды. Бұл жүйе микротолқынды қаруды жасанды интеллекті бар жерүсті техникасымен біріктіреді.

Leonidas Autonomous Robotic (Leonidas AR) деп аталатын платформа Epirus компаниясының жоғары қуатты микротолқынды Leonidas жүйесін GDLS шығарған 10 тонналық Tracked Robot (TRX) шассиімен біріктіреді. Нәтижесінде дрондар тобын бір соққымен жоюға қабілетті мобильді және толық автономды антидрон жүйесі жасалды.

Leonidas жүйесі қуатты микротолқынды импульстар арқылы жау дрондарының электроникасын істен шығарады. Ол зымыран немесе артиллериясыз, тек электромагниттік энергия көмегімен дрондарды бір сәтте бейтараптандырады. Бұл әдіс «бір импульс – көп нысана» деп аталады.

Жүйе дәлдігі мен жылдамдығымен ерекшеленеді. Оператор түрлі жағдайларда жиілік пен қуатты реттей алады. Сонымен қатар, «қауіпсіз аймақ» функциясы өз дрондарына әсер етпеуді қамтамасыз етеді. Бағдарламалық жаңартулар қашықтан орнатылады, жүйені майданнан шығару қажет емес.

Платформа GDLS шығарған TRX барлау роботының негізінде жасалған. 10 тонналық гибрид-электр көлігі жасанды интеллект және қуатты сенсорлармен жабдықталған. Бір зарядпен 480 км-ге дейін жүріп, сағатына 72 км жылдамдыққа жете алады. Радар және есептеу жүйелері арқылы робот автономды немесе қашықтан басқарылатын режимде жұмыс істей алады.

Сарапшылардың пікірінше, Leonidas AR — заманауи әскери технологиядағы жаңа кезең. Ол тек дрон қауіптеріне қарсы тиімді шешім ғана емес, болашақта әскерлердің толық автоматтандырылған қорғаныс жүйесінің негізіне айналуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Технология » АҚШ дрондар тобына қарсы жаңа “электронды робот” жасады