date

Xiaomi компаниясы BMW мамандарымен бірлесіп YU7 GT жарыс электромобилін жасап шығарды

Xiaomi компаниясы BMW мамандарымен бірлесіп YU7 GT жарыс электромобилін жасап шығарды

Xiaomi компаниясының негізін қалаушы Лэй Цзюнь 2026 жылғы мамыр айының соңында сатылымға шығатын Xiaomi YU7 GT жарыс автокөлігінің алғашқы суретін жариялады. Бұл модель компанияның Германияның Мюнхен қаласында құрылған Еуропалық ғылыми-зерттеу орталығы әзірлеген алғашқы жобасы болып табылады.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Жаңа электромобильді жасауға әлемдік деңгейдегі сарапшылар мен танымал дизайнерлер қатысты. Жобаға бұған дейін BMW M4 GT3 жарыс автокөлігімен жұмыс істеген Рудольф Диттрих жетекшілік етуде.

Сондай-ақ, BMW компаниясының тағы бір ардагері Клаус-Дитер Гролль автокөліктің динамикалық сипаттамаларын әзірлеуге жауапты болып тағайындалды.

Лэй Цзюнь атап өткендей, Xiaomi YU7 GT неміс стилінде бапталған және ол ең үздік еуропалық автокөліктер сияқты жүргізушілердің сенімінен шығады деп күтілуде. Гролль бұған дейін BMW-ның 3, 4-сериялары, сондай-ақ X5, X6 және X7 сияқты танымал модельдерімен жұмыс істеу тәжірибесіне ие.

Мәлімет үшін, Xiaomi автокөлік өндірісін бастағанына бес жыл болды. Соңғы екі жыл ішінде компания нарыққа SU7 және YU7 модельдерінен жалпы саны 650 000 данадан астам жеткізіп үлгерді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Xiaomi компаниясы BMW мамандарымен бірлесіп YU7 GT жарыс электромобилін жасап шығарды