date

Вальверденің жары төрешінің «Барселона» пайдасына шығарған шешімін келемеждеді

Вальверденің жары төрешінің «Барселона» пайдасына қабылдаған шешімін келемеждеді

«Реал Мадрид» жұлдызы Федерико Вальверденің жары Мина Бонино Испания чемпионатының 30-туры аясында өткен «Барселона» мен «Атлетико» кездесуіндегі төрешілік шешімді қатаң сынға алды. Бәсеке «Риасор Метрополитано» стадионында өтті.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Кездесудің 46-минутында төреші Херард Мартинге қарсылас футболшы Тиаго Альмадаға қатысты дөрекі ойнағаны үшін тікелей қызыл карточка көрсеткен болатын. Алайда VAR жүйесі арқылы жағдайды қайта қараған төреші өз шешімін өзгертті және футболшыға тек сары карточка берумен шектелді.

Мина Бонино өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында осы жағдайға қатысты пікір білдіріп, төрешінің шешімін келемеждеді. Ол күлкі эмодзиін қоса отырып: «Егер бұл қызыл карточка болмаса, стадионды жабу керек», — деп жазып қалдырды.

Еске сала кетейік, «Атлетико» бірінші тайм аяқталмай тұрып Нико Гонсалес алаңнан қуылғандықтан, бір ойыншы кем болып қалған еді. Ойын 2:1 есебімен каталониялықтардың пайдасына шешілді.

Осы жеңістен кейін «Барселона» 76 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Олардың ең жақын ізбасары «Реал Мадрид» болса, бұл турда «Реал Мальоркаға» есе жіберіп, арадағы айырмашылықты 7 ұпайға дейін жеткізді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Вальверденің жары төрешінің «Барселона» пайдасына шығарған шешімін келемеждеді