date

Фоденнің бабы тайды: «Манчестер Ситидегі» болашағы күмән тудыруда

Фоденнің формасы төмендеді: «Манчестер Ситидегі» болашағы күмән тудыруда...

Англиялық гранд «Манчестер Сити» сапында өнер көрсететін дарынды жартылай қорғаушы Фил Фоденнің айналасында түрлі пікірталастар өршіп тұр. Соңғы уақытта оның командадағы орны мен болашағына қатысты сауалдар көбеюде.

Goal сарапшыларының атап өтуінше, 25 жастағы футболшы соңғы айларда тұрақты әрі нәтижелі ойын көрсете алмай жүр. Бұрын команда көшбасшыларының бірі болған Фоден қазіргі уақытта негізгі құрамдағы орнын біртіндеп жоғалтып жатқаны байқалады.

Статистика да бұл пікірлерді растайды. Футболшы соңғы 24 кездесуде бірде-бір гол соға алмаған және тек бір ғана нәтижелі паспен (ассист) шектелген.

Бұл оның шабуылдағы ықпалының айтарлықтай төмендегенін көрсетеді.

Ең назар аударарлық жайттардың бірі — Фоденнің тіпті маңызды бәсекелерде де толық сенімге ие бола алмай жатқандығы. Ол көп жағдайда қосалқы құрам орындығында қалып қояды немесе алаңға қысқа уақытқа ғана шығарылады.

Команда ішіндегі бәсекелестік те шиеленісе түсті. Атап айтқанда, жаңадан келген Райан Шерки өзін тез көрсетіп, кейбір жағдайларда Фоденнің орнын басып келеді.

Бұл ағылшын жартылай қорғаушысының позициясын одан әрі әлсіретуде.

Соған қарамастан, команданың бас бапкері Пеп Гвардиола футболшыға сенім білдіруді жалғастыруда. Алайда оның қазіргі формасы мен ойын практикасының төмендегені туралы фактілер болашағына қатысты маңызды сауалдар туғызып отыр.

Еске сала кетейік, Фоден екі жыл бұрын «Манчестер Ситидің» чемпиондық жолындағы шешуші тұлғалардың бірі болған еді. Оның шығармашылығы мен голдық әрекеттері командаға үлкен пайда әкелген болатын.

Қысқасы, қазіргі жағдай Фоден үшін сынақ кезеңі. Егер ол өз формасын қайта қалпына келтіре алмаса, трансфер туралы әңгімелер бұдан да маңызды сипат алуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Фоденнің бабы тайды: «Манчестер Ситидегі» болашағы күмән тудыруда