date

Boston Dynamics робот-иті құрылыс нысандарын күзете бастады

Boston Dynamics робот-иті құрылыс нысандарын күзете бастады

"Boston Dynamics" және "Asylon" компаниялары бірлесіп DroneDog деп аталатын роботтандырылған күзетшіні таныстырды. Бұл құрылғы танымал төрт аяқты Spot роботы негізінде жасалған және арнайы PupPack қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Жаңа құрылғы аумақтарды күндіз-түні патрульдеуге, заң бұзушылықтарды анықтауға және нысандарды адамның қатысуынсыз бақылауға мүмкіндік береді. Роботтың қуаты азайған кезде, ол өз бетінше DogHouse қуаттау станциясына оралады.

Бұл модуль роботты қолайсыз ауа райы жағдайларынан қорғайды және энергиясын қалпына келтіреді.

DroneDog осы уақытқа дейін нақты жағдайларда 250 мыңнан астам автоматты миссияны сәтті аяқтап, 240 мың шақырымнан астам қашықтықты басып өтті. Ол 20 есе жақындату мүмкіндігі бар тепловизормен, жасанды интеллект алгоритмдерімен және шифрланған байланыс жүйесімен қамтамасыз етілген.

Робот күрделі рельефтерде қозғалуға, баспалдақпен көтерілуге және қараңғыда жұмыс істеуге қабілетті. Операторлар құрылғыға қашықтан қосылып, жағдайды бақылай алады.

DroneDog роботының бастапқы бағасы 74,5 мың АҚШ доллары болып белгіленді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Boston Dynamics робот-иті құрылыс нысандарын күзете бастады