date

Илон Маск Tesla-дан 114 млрд доллар көлемінде сыйақы алады

Илон Маск Tesla-дан 114 млрд доллар көлемінде сыйақы алады

Tesla компаниясы Илон Маскқа 2018 жылы уәде етілген рекордтық өтемақы пакетін ресімдеу үшін АҚШ-тың бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясына құжат тапсырды. Сөз сол кезде 56 млрд долларға бағаланған 304 миллион дана акция туралы болып отыр.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Компания акцияларының бағасы 376 долларға дейін көтерілуі нәтижесінде бұл пакеттің қазіргі құны 114 млрд доллардан асып кетті. Бұл бірнеше жылға созылған сот процестерін аяқтайды деп күтілуде.

2018 жылы директорлар кеңесі Маскқа күрделі шарт қойған болатын: ол тек компания капиталдандыруы мен бизнес көрсеткіштері бойынша 12 мақсатқа қол жеткізген жағдайда ғана акцияларға иелік ете алар еді. Маск 2021 жылдың соңына қарай барлық тапсырмаларды орындаған.

Делавэр штатының жоғарғы соты Маскқа алты жылдық еңбекақы төленуі әділетті екені туралы шешім шығарды. Шартқа сәйкес, Маск компанияда кемінде 2028 жылға дейін қалуы тиіс және алынған акцияларды бес жыл бойы сатуға құқығы жоқ.

Қазіргі уақытта Илон Маск 839 млрд доллар байлығымен әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде көш бастап тұр. Акционерлер ол үшін 1 триллион долларға дейін жетуі мүмкін жаңа өтемақы пакетін мақұлдап қойған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Илон Маск Tesla-дан 114 млрд доллар көлемінде сыйақы алады