date

"Heroes of Might and Magic: Olden Era" ойыны ерте қолжетімділік режимінде шықты

"Heroes of Might and Magic: Olden Era" ойыны ерте қолжетімділік режимінде шықты

Unfrozen студиясы әзірлеген "Heroes of Might and Magic: Olden Era" ойыны ерте қолжетімділік режимінде көпшілікке ұсынылды. Бұл – серияның 2015 жылдан бері шыққан алғашқы жобасы.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлады.

Жаңа бөлім стилі жағынан танымал үшінші бөлімге өте ұқсас. Steam платформасындағы пайдаланушылар ойынның визуалды стилі мен геймплейіне оң баға беруде.

Жоба жүйелік талаптар бойынша айтарлықтай қолайлы. Минималды талаптарда GeForce GTX 1650 видеокартасы көрсетілген, ал жадыдан небәрі 8 GB орын алады.

Қазіргі уақытта ойында алты фракция, онлайн режим және сюжеттік науқанның бірінші актісі бар. Ойынды 25 пайыздық жеңілдікпен сатып алуға болады.

[media=https://cdn.embedly.com/widgets/media.html?src=https%3A%2F%2Fwww.youtube.com%2Fembed%2FH-9GmgPIiPM%3Ffeature%3Doembed&display_name=YouTube&url=https%3A%2F%2Fwww.youtube.com%2Fwatch%3Fv%3DH-9GmgPIiPM&image=https%3A%2F%2Fi.ytimg.com%2Fvi%2FH-9GmgPIiPM%2Fhqdefault.jpg&type=text%2Fhtml&schema=youtube]
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » "Heroes of Might and Magic: Olden Era" ойыны ерте қолжетімділік режимінде шықты