date

АҚШ-та электр энергиясы бағасы күрт өсті: кінәлі — деректер орталықтары

АҚШ-та электр энергиясы бағасы күрт өсті: кінәлі — деректер орталықтары

АҚШ-тағы ең ірі электр желісі PJM Interconnection жүйесінде электр энергиясының бағасы бір жыл ішінде екі есеге жуық өсті. Monitoring Analytics тәуелсіз ұйымы жариялаған есепке сәйкес, бір мегаватт-сағат электр энергиясының көтерме бағасы өткен жылғы 77,78 доллардан 136,53 долларға дейін көтерілді. Бұл туралы Techcrunch.com хабарлайды .

Сарапшылар бағаның өсуін деректер орталықтарының (data centers) шамадан тыс электр энергиясын тұтынуымен және PJM операторының осы өсіп келе жатқан сұранысты басқарудағы дәрменсіздігімен байланыстыруда. Monitoring Analytics ұйымы тұтынушылар үшін туындаған қаржылық соққының қайтарылмайтынын және мәселе уақытында шешілмесе, жағдай одан әрі нашарлайтынын атап өтті.

PJM желісі, әсіресе, деректер орталықтары көп орналасқан Солтүстік Вирджиния аймағын қамтиды. AI технологияларының дамуымен электр энергиясына деген сұраныс күрт артты, бірақ қолданыстағы электр желілері мұндай жүктемеге арналмаған. 2022 жылы PJM жаңа энергия көздерін қосу бойынша өтінімдерді қабылдауды тоқтатқан болатын, бұл қазіргі тапшылықты одан әрі тереңдетті.

Monitoring Analytics есебінде PJM-нің шешім қабылдау процесінде ашық еместігі және бағдарламалық жасақтаманы жаңартуды бірнеше жылға кешіктіргені сынға алынды. Ұйымның пікірінше, PJM қазіргі дағдарысты нарық ережелерін өзгерту үшін сылтау ретінде пайдалануда, ал шын мәнінде мәселенің түпкі себебі деректер орталықтарының бақылаусыз жүктемесінде жатыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » АҚШ-та электр энергиясы бағасы күрт өсті: кінәлі — деректер орталықтары