date

Өзбекстаннан жүк тасымалына жеңілдіктер ұзартылды

Өзбекстаннан жүк тасымалдауда жеңілдіктер ұзартылды
Ресей темір жолдары (РЖД) 2026 жылға дейін Өзбекстан мен Тәжікстаннан көкөніс және жеміс-жидек тасымалдауда 50 пайыздық жеңілдіктерді ұзартты. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Аталған жеңілдіктер Ресей ішінде кейбір жүктерді қысқа қашықтықтарға тасымалдау кезінде де қолданылады. Сонымен қатар Азов-Қара теңіз бассейніндегі бірнеше порт станцияларына отын жеткізуде жеңілдетілген тарифтер сақталады.

Компания келесі жылы халықаралық «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізі арқылы жүк тасымалын ынталандыруға бағытталған бірнеше тарифтік шешімдерді де жалғастыратынын мәлімдеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстаннан жүк тасымалына жеңілдіктер ұзартылды