date

Хакими: Мбаппе Марокко Африка кубогын ұта алады деді

Хакими: Мбаппе Марокко Африка кубогын ұта алады деді

ПСЖ және Марокко құрамасының қаптал қорғаушысы Ашраф Хакими Мадридтің «Реал» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппенің Африка кубогы ойынына келуі туралы пікір білдірді. Бұл туралы euro-football.ruхабарбереді.

Хакимидің бұрынғы командаласы Мали құрамасына қарсы ойынды (1:1) трибунадан тамашалады. Сондай-ақ Мбаппенің стадионға марокколық футболшының тегі жазылған жейдемен келгені назардан тыс қалмады.

Ойыннан кейін Хакими Мбаппені Мароккода көру жағымды болғанын атап өтті. Оның айтуынша, француз жұлдызы Марокконы жақсы көреді, команданың ойынына риза болған және олардың Африка кубогын ұтуға толық қауқарлы екенін айтқан.

Екі турдан кейін Марокко құрамасы өз тобында көш бастап тұр. Команданың еншісінде 4 ұпай бар.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Хакими: Мбаппе Марокко Африка кубогын ұта алады деді