date

Джесси Лингард Ла Лига клубтарының назарын аударды

Джесси Лингард Ла Лига клубтарының назарын аударды

Жартылай қорғаушы Джесси Лингард Оңтүстік Кореядағы өнерінен кейін Еуропаға қайта оралуға жақын. Fichajes мәліметінше, қазір «Сеул» сапында ойнап жүрген 33 жастағы англиялыққа Испанияның Ла Лигасынан «Севилья», «Сельта» және «Реал Овьедо» қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды.хабарбереді.

Лингард 1 қаңтардан бастап еркін агент атанады. Сондықтан оны трансферлік өтемақысыз құрамға қосып алу мүмкіндігі бар.

Джесси Лингард «Сеулге» 2024 жылдың ақпанында қосылды. Оңтүстік Корея клубы сапында 67 матчқа қатысып, 19 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Transfermarkt бағалауынша, шабуылға бейім жартылай қорғаушының қазіргі трансферлік құны 2,2 млн еуроны құрайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Джесси Лингард Ла Лига клубтарының назарын аударды