date

А Серия келесі маусымнан бастап қызғылт сары доптан бас тартады

А Серия келесі маусымнан бастап қызғылт сары доптан бас тартады

А Серияда қолданылған қызғылт сары түсті доп лига ішінде көпшілікке ұнамай отыр, ұйымдастырушылар одан бас тартуды жоспарлауда. Қыста көріну нашарлайтын кезеңге шешім ретінде енгізілген бұл доп іс жүзінде күтілгендей пайда бермегені айтылуда. Бұл туралы euro-football.ruхабарбереді.

Келесі маусымнан бастап Италия чемпионатында қайтадан классикалық түстегі доптар қолданылады: ақ немесе сары. Бұл туралы «Лега Кальчо» президенті Эцио Мария Симонелли де пікір білдірді.

«Бұл мәселе бойынша өте көп өтініш алдық, соның ішінде түстерді ажыратуда қиналатын (дальтонизм) адамдардан да. Өкінішке қарай, жағдайды өзгертіп, бұрынғы түстерге қайта оралу үшін уақыт керек. Аққа немесе сарыға», — деді Симонелли.

Еске сала кетейік, Италияның қазіргі чемпионы — «Наполи», ал осы маусымның турнир кестесінде Миланның «Интері» көш бастап тұр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » А Серия келесі маусымнан бастап қызғылт сары доптан бас тартады