date

Германия Израильге қару-жарақ жеткізуге салынған тыйымды алып тастады

Германия Израильге қару-жарақ жеткізуге салынған тыйымды алып тастады

Германия үкіметі тамыз айында Израильге қару-жарақ жеткізуге салынған эмбаргоны ресми түрде алып тастады. DPA агенттігінің хабарлауынша, қаулы 24 ноябрьден бастап күшіне енеді. Бұл туралы үкімет өкілі Штефан Корнелиус мәлімдеді.

Оның айтуынша, кейбір қару түрлеріне қойылған шектеулер қазіргі геосаяси жағдайда маңыздылығын жоғалтқан. Шешім қабылдаудағы негізгі факторлардың бірі ретінде 10 октябрьден бастап күшінде болған Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату келісімі аталды.

Бұған дейін Газадағы соғыс қимылдары Германия жұртшылығының наразылығын тудырып, геноцид ретінде бағаланған болатын. Содан кейін үкімет Израильге қару-жарақ жеткізуді уақытша тоқтатты.

Жаңа қаулымен Берлин билігі жағдайдың тұрақталғанын ескере отырып, шектеулерді алып тастауға шешім қабылдады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Германия Израильге қару-жарақ жеткізуге салынған тыйымды алып тастады