date

Беларусь-Польша шекарасында заңсыз мигранттар өткен туннель анықталды

Беларусь-Польша шекарасынан заңсыз мигранттар өткен туннель анықталды

Польша шекара қызметі 2025 жылғы 11 желтоқсан күні Подляское воеводствосындағы Наревка елді мекені маңайында қазылған жер асты туннел арқылы 180-нен астам заңсыз мигранттың Польшаға келгенін хабарлады. Шекарашылар, әскерилер мен полиция қызметкерлері бұл туннелді пайдаланған 130-дан астам адамды ұстауға қол жеткізді. Қалған мигранттарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Польша шекара қызметінің өкілі, подполковник Анджей Юзвяктың дерегінше, туннелдің ұзындығы бірнеше ондаған метрді құрап, оның биіктігі шамамен 1,5 метрге жеткен. Туннелдің кіреберіс бөлігі Беларусь жағында шекарадан 50 метр, ал шығу бөлігі Польша жағындағы бөгеттен 10 метр қашықтықта орналасқан.

Электронды бақылау жүйелері арқылы туннелден 180-ден астам шетел азаматының өткендігі анықталды. Ұсталғандардың көпшілігі — Ауғанстан және Пәкістан азаматтары, сондай-ақ Үндістан, Непал және Бангладеш паспорттары барлар да Польшаға өткен.

Польша шекара басқармасының мәліметі бойынша, 2025 жылы Подляское шекара басқармасы Беларусьпен шекара астынан қазылған төрт туннелді анықтады. Жергілікті құқық қорғау органдары мигранттармен бірге оларды Батыс Еуропа елдеріне жеткізуді көздеген екі жүргізушіні де ұстады. Олар 69 жастағы поляк және 49 жастағы литвалық тұлғалар екені мәлімденді.

Жыл сайын шамамен 30 мың адам Беларусь—Польша шекарасын заңсыз бұзуға тырысады. Бұл көрсеткіштер 2021 жылдан бері өзгерген жоқ, соған қарамастан шекараға болат қабырғалар, дрондар мен жылу көретін камералар орнатылған.

Польша премьер-министрі Дональд Туск үкіметінің миграцияға қарсы саясатын жалғастыратынын мәлімдеді. Еуропа комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен Польшаға шекара қорғанысын күшейту үшін қаржылық көмек көрсетілетінін атап өтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Беларусь-Польша шекарасында заңсыз мигранттар өткен туннель анықталды