date

Қытайда қартаю процесі жеделдеп барады

Қытайда қартаю процесі жеделдеуде

Қытайда халықтың қартаюы үдеп барады. Сарапшылардың болжамына сәйкес, алдағы он жыл ішінде 60 жастан асқандар саны 400 миллионнан асуы мүмкін, деп хабарлайды Синьхуа.

Мәліметтерге қарағанда, 2025 жылдың соңына қарай елде 60 жастан асқан азаматтар саны 320 миллионнан асып, жалпы халықтың шамамен 23 пайызын құрайды. Осыған байланысты билік бұл мәселені жұмсарту үшін жаңа шараларды енгізуде.

Атап айтқанда, 2030 жылға дейін қалалар мен ауылдардың кемінде 70 пайызын қарттарға қызмет көрсететін мекемелермен қамту жоспарланған. Сондай-ақ, жалғызілікті және көмекке мұқтаж қарттарды қолдау жүйесін күшейтуге ерекше назар аударылуда.

Сарапшылар бұл жағдайдың негізгі себептерінің бірі ретінде өткен ғасырдың соңында енгізілген «бір отбасы – бір бала» саясатын атап өтуде. Бұл шектеу туу көрсеткішінің күрт төмендеуіне алып келді.

Кейіннен үкімет бала санына қатысты шектеулерді жұмсартқанымен, туу көрсеткіштері күтілген деңгейде артқан жоқ. Нәтижесінде, соңғы жылы Қытай халқы 3,39 миллион адамға азайып, 1,404 миллиардты құрады.

Бұл жағдай ел алдында жаңа демографиялық және экономикалық сын-қатерлерді туындатып отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Қытайда қартаю процесі жеделдеп барады