Ресейде Өзбекстан азаматымен төбелескен ер адам көз жұмды: өзбекстандыққа айып тағылды

Ресейдің Санкт-Петербург маңындағы Ленинград облысында болған жанжал өліммен аяқталды. Оқиғаға байланысты 31 жастағы Өзбекстан азаматына қатысты қылмыстық айып тағылды.
Мәліметтерге сәйкес, оқиға 25 сәуір күні кешке Свердлов ауылында болған. Екі ер адам арасындағы төбелестен кейін олардың бірі оқиға орнынан қашып кеткен, ал екіншісі жерде қозғалыссыз қалған.
Оқиға орнына жеткен дәрігерлер жәбірленушінің қайтыс болғанын растады. Кейіннен оның жеке басы анықталып, Тверь облысының 45 жастағы азаматы екені белгілі болды.
Оның денесінен, атап айтқанда, бас бөлігінен жарақаттар табылған.
Тергеу органдары бұл жайтты абайсызда өлімге әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіру ретінде бағалады. Күдікті көп ұзамай сол аумақтың өзінде ұсталды.
Оның ресми жұмыс орны жоқ 31 жастағы Өзбекстан азаматы екені хабарланды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, екі тұлға арасындағы жанжал жеке қарым-қатынасқа, нақтырақ айтқанда, әйел мәселесіне байланысты туындаған.
Қазіргі таңда оқиғаға байланысты тергеу амалдары жалғасуда.