date

Ғазада түнде балаларға егеуқұйрықтар шабуыл жасауда

Ғазада түнде балаларға егеуқұйрықтар шабуыл жасауда

Ғаза аймағындағы гуманитарлық жағдай одан сайын нашарлап барады. Reuters таратқан мәліметтерге сәйкес, шатырлы лагерьлерде тұруға мәжбүр болған палестиналықтар жаңа мәселеге — егеуқұйрықтар мен басқа да кеміргіштердің шабуылына тап болды.

Мәлім етілгендей, түн мезгілінде егеуқұйрықтар әсіресе балаларға шабуыл жасап, олардың қол-аяғын тістеп жатыр. Бұл ата-аналарды қатты алаңдатуда.

Адамдар тығырыққа тірелді

Ғазада 2 миллионнан астам тұрғын қарулы қақтығыстар салдарынан өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Қазіргі таңда олар қираған ғимараттарда немесе уақытша шатырларда тұрып жатыр.

Хан-Юнистегі лагерьде тұратын Амани Абу Селми тойы қарсаңында егеуқұйрықтар оның киімдері мен салт-дәстүрге қажетті заттарын жарамсыз етіп тастағанын айтты.

«Қуанышты күнім қайғыға айналды. Барлық дайындығым зая кетті», — дейді ол.

Балалар ең көп зардап шегуде

Лагерь тұрғыны Халил әл-Машхарауидің айтуынша, егеуқұйрық оның 3 жасар баласын тістеп алған. Ол тіпті өзінің де кеміргіштер шабуылына ұшырағанын жеткізді.

«Түнде ұйықтауға қорқамыз. Көзіміз іліне бастаса болды, олар балаларға тап береді», — дейді ол.

Ғаза қаласының тағы бір тұрғыны егеуқұйрықтар тек адамдарға ғана емес, азық-түлік пен киім-кешекке де зиян келтіріп жатқанын атап өтті.

Аурулар қаупі артуда

Әл-Шифа ауруханасының басшысы Мұхаммед Абу Селмияның айтуынша, кеміргіштердің кесірінен аурулардың таралу қаупі жоғары.

Атап айтқанда, егеуқұйрық тістеуі арқылы:

  • қызба,
  • лептоспироз,
  • тіпті оба сияқты ауыр инфекциялар пайда болуы мүмкін.

Мәселе одан сайын ушығуы мүмкін

Мамандардың пікірінше, жаз мезгілінің жақындауы және санитарлық құралдардың жетіспеушілігі жағдайды одан әрі қиындатуы мүмкін. Кейбір шектеулерге байланысты зиянкестермен күресу мүмкіндіктері де шектеулі.

Сонымен қатар, COGAT мәліметінше, соңғы апталарда аймаққа зиянкестерге қарсы белгілі бір мөлшердегі құралдар мен қақпандарды кіргізуге рұқсат берілген.

Алайда жергілікті тұрғындар бұл шаралар әзірге жағдайды түбегейлі жақсарту үшін жеткіліксіз екенін айтуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Ғазада түнде балаларға егеуқұйрықтар шабуыл жасауда