Озода Нурсаидова үндеу жасады: «Балаларыңызды бөтеннің үйіне тастап кетпеңіздер!» (видео)

Әнші Озода Нурсаидова өзінің Instagram парақшасы арқылы тыңдармандарына маңызды үндеу жасады. Ол қазіргі уақытта шәкірт қабылдай алмайтынын ашық айтып, бұл мәселеге қатысты өз ойын шынайы жеткізді.
Өнер иесінің айтуынша, кейбір ата-аналар балаларын бөтен адамдарға сеніп тапсырып, жауапсыздық танытуда.
«Балаларыңызды қалайша бөтеннің үйіне қалдырып кетесіздер? Оның жауапкершілігін кім өз мойнына алады? Оқытатын мұғалімдер, тапсыратын емтихандар бар. Өтінемін, ойланып сөйлеңіздер — бұл өте маңызды мәселе», — деді ол.
Сонымен қатар, қазіргі таңда жеке түрде шәкірт тәрбиелеуге мүмкіндігі жоқ екенін де атап өтті.
«Мен қазір шәкірт алмаймын. Бұйырса, уақытым болғанда үлкен курстар ашуым немесе университеттерде жұмыс істеуім мүмкін. Бірақ әзірге жеке оқыту — үлкен жауапкершілік, оған уақыт бөле алмаймын», — деді.
Озода Нурсаидованың бұл мәлімдемесі әлеуметтік желілерде кең талқылануда.