
Германия чемпионатының 8-турында "Штутгарт" өз алаңында "Майнц" командасын қабылдап, есепте артта қалғанына қарамастан жеңіске жетті. 41-минутта "Майнц" футболшысы Надим Амири пенальтиден гол соғып, командасын алға шығарды.
Алайда үзіліске дейін Крис Фьюрих алыс қашықтықтан жасаған соққысымен есепті теңестірді. 79-минутта "Штутгарт" қақпашысы Александр Нюбельдің дәл пастың арқасында Дениз Үндав командасына жеңіс әкелген голды соқты – 2:1.
Осылайша, "Штутгарт" бесінші рет қатарынан жеңіске жетіп, 18 ұпаймен чемпионат кестесінде үздік үштіктің қатарына кірді. Ал "Майнц" небәрі 4 ұпаймен кестенің соңғы орындарында қалып отыр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар