Юранның ұлы «Серик» қарыздары туралы айтты

Юранның ұлы «Серик» қарыздары туралы айтты
Қорғаушы Артём Юран — «Серік Беледиеспор» клубының бұрынғы бас жаттықтырушысы Сергей Юранның ұлы — клубтың еңбекақы бойынша барлық қарыздарын өтейтініне сенім білдірді. Кіші Юранның айтуынша, Түркия клубында өткізген кезеңнің барлығында ол тек бір рет қана жалақы алған.

«Бұл енді жоғарғы инстанциялар — FIFA және CAS деңгейінде қаралады. Еңбекақы бойынша қарыздар мәселесі жөнінде Тұфан Садығовпен сөйлескен жоқпын.

Алайда өз ақшамды аларыма сенемін», — деп футболшының сөзін Sport24.ru жеткізді. Айта кетейік, Юран командаға әкесі клубты басқаруға келгеннен кейін қосылған еді.

Қыркүйек айында клубта қаржылық мәселелер басталып, Сергей Юран келісімшартты бұзуға мәжбүр болды.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар