date

«Барселона» Хамза Абделькарим трансферін аяқтады

«Барселона» Хамза Абделькарим трансферін аяқтады

«Әл-Ахли» шабуылшысы Хамза Абделькарим мансабын «Барселонада» жалғастырады. Журналист Фернандо Полоның мәліметінше, тараптар келісімді әлдеқашан жапқан. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

18 жастағы футболшы «көк-анар түстілер» сапына жалға алу негізінде қосылады. Келісімшартта 3 млн еуроға сатып алу опциясы да қарастырылған. Жақын уақытта мысырлық талант медициналық тексерістен өтеді, содан кейін трансфер ресми түрде рәсімделеді.

«Барселонаның» жас мысырлық жұлдызды өз сапына қосуды көздейтіні бірнеше ай бұрын да айтылған. Абделькарим Каирдің «Әл-Ахли» командасында 9 ойында алаңға шыққан, әзірге гол немесе ассистпен көзге түспеген. Алайда Мысырдың U-17 құрамасында ол 19 матчта 12 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Барселона» Хамза Абделькарим трансферін аяқтады