Де Лорантис футбол ережелерін түбегейлі өзгертуді ұсынды

"Наполи" президенті Аурелио Де Лаурентис заманауи футбол ережелеріне елеулі және ауқымды өзгерістер енгізу қажеттігін атап өтті. Оның пікірінше, қазіргі футбол форматын жас ұрпақ үшін қызықты әрі тартымды деп айтуға болмайды.
The Athletic дереккөзінің хабарлауынша, клуб басшысы ойынды жылдам, динамикалық және қызықты ету идеясын алға тартып отыр.
Де Лорантистің негізгі ұсыныстарының бірі — таймдардың ұзақтығын 45 минуттан 25 минутқа дейін қысқарту. Оның айтуынша, бұл командаларды жоғары жылдамдықпен ойнауға мәжбүрлеп, ойынның сапасы мен тартыстылығын арттырады.
Ол сондай-ақ симуляция мен қасақана бұзушылықтарға қарсы қатаң шаралар енгізуді ұсынды. Оның пікірінше, мұндай әрекетке барған футболшыларды дереу алаңнан шығару керек.
Тағы бір даулы идея ретінде ол сары және қызыл карточкалар жүйесін толығымен жойып, оны уақытша шеттету жүйесімен алмастыруды ұсынды. Бұл жағдайда хоккей немесе регбидегідей ойыншылар 5 немесе 20 минутқа ойыннан шеттетілуі мүмкін.
Бізге көбірек шоу мен ойын-сауық футболы қажет. Әйтпесе жанкүйерлерден айырылып қалуымыз мүмкін," - деді Де Лорантис.
Оның бұл ұсыныстары футбол әлемінде кеңінен талқыланады деп күтілуде.