date

Гарри Махачевке жүгінді: «Бәрі сені күтуде, ханшайым!»

Гарри Махачевке жүгінді: «Бәрі сені күтуде, ханшайым!»

UFC әлемінде кезекті қызықты қарама-қайшылық туындады. Ирландиялық файтер Иан Гарри, қазіргі чемпион Ислам Махачевтің октагонға оралуына қатысты белгі берген жазбасына өткір әрі әзілқой жауап қайтарды.

Гарри әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде Махачевтің оралу мерзіміне қатысты белгісіздіктерге назар аударды. «Алдымен қолың жарақат алғанын айттың. Сен шілдеде оралатыныңды айтасың, ал Дана Уайт тамызды тілге тиек етуде. Алайда, бұл арада біз шаршап кеттік. Бәріміз сені күтудеміз, ханшайым», — деп жазды ирландиялық файтер.

Бұл сөздер UFC жанкүйерлері арасында үлкен талқылауға себеп болды. Кейбіреулер мұны жай ғана провокация деп бағаласа, басқалары ықтимал жекпе-жек алдындағы психологиялық қысым ретінде қабылдауда.

Естеріңізге сала кетейік, Иан Гарри соңғы жекпе-жегін 22 қарашада Катарда өткен турнирде өткізген болатын. Ол бұл кездесуде тәжірибелі қарсылас, бұрынғы чемпион Белал Мұхаммедті төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, өз позициясын одан әрі нығайтты.

Қазіргі уақытта Ислам Махачевтің қашан рингке оралатыны туралы нақты ақпарат жоқ. Алайда, оның әрбір мәлімдемесі мен әлеуметтік желідегі әрекеттері үлкен қызығушылықпен бақылануда.

Қысқаша айтқанда, UFC сахнасында үлкен жекпе-жектер алдында психологиялық ойындар басталды. Енді жанкүйерлер Махачевтің жауабын және оның шынайы оралу мерзімін асыға күтуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Гарри Махачевке жүгінді: «Бәрі сені күтуде, ханшайым!»