date

«Штутгарт» қақпашысы Александр Нюбель «Бавария» клубына оралады

"Штутгарт" қақпашысы Александр Нюбель "Бавария" клубына оралады

«Штутгарт» клубы жаңа маусым алдында қақпашылар шебінде елеулі өзгерістер жасауда. Команданың негізгі қақпашысы Александр Нюбель үш жылдық жалдау мерзімінен кейін «Бавария» қарамағына оралады деп күтілуде.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Клуб басшылығы оның орнына жаңа футболшы сатып алмауға және ішкі мүмкіндіктерді пайдалануға шешім қабылдады.


Негізгі қақпашы міндетін енді Деннис Займен атқарады. Ол «Падерборн 07» клубындағы сәтті жалдаудан кейін командаға оралуда.

Займен Германияның ең дарынды жас қақпашыларының бірі болып саналады және екінші Бундеслигадағы ойындары арқылы өзін көрсете білді.

Сондай-ақ, клуб 18 жастағы Флориан Хеллстернмен келісімшартты 2030 жылға дейін ұзартты. Қазіргі уақытта ол үшінші лигада қосалқы команданың намысын қорғап жүр.

Хеллстерн өз сұхбатында мұндай жаста кәсіби деңгейде ойнау үлкен тәжірибе екенін және өз үстінен жұмыс істеуді жалғастыратынын атап өтті.

Ал Нюбельдің болашағы әлі де белгісіз болып қалуда. Ол Мюнхен клубында қосалқы құрамда отырғысы келмейді, бірақ «Бавария» Мануэль Нойермен келісімшартты ұзартып, кейіннен орынды Йонас Урбигке тапсырмақшы.

Нюбельдің трансферлік құны 20-25 млн еуро шамасында бағалануда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Штутгарт» қақпашысы Александр Нюбель «Бавария» клубына оралады