date

Роттердамда студент мұғалімді, көршісін және оның қызын атып өлтірді

Роттердамда студент мұғалімді, көршісін және оның қызын атып өлтірді

Нидерландтың Роттердам қаласында болған қорқынышты оқиға жұртшылықты дүрліктірді. Algemeen Dagblad басылымының жазуынша, 32 жастағы Фуад Л. есімді адам алдымен көршісінің үйіне оқ жаудырып, 39 жастағы әйел мен оның қызын өлтірген.

Содан кейін ол Erasmus MC медициналық орталығына барып, 43 жастағы мұғалімді атып өлтіріп, ғимаратты өртеп жіберген.

Полиция мәліметінше, оқиғаны өзі ғана жасаған. Тергеу қорытындысы бойынша, Фуад Л. медициналық университеттің студенті болған және бұрын жануарларға қатыгездік жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Роттердамда студент мұғалімді, көршісін және оның қызын атып өлтірді