date

АҚШ-та 500-ден астам науқасқа "қате өлім хаты" жіберілді

АҚШ-та 500-ден астам науқасқа "қате өлім хаты" жіберілді

АҚШ-тың Мэн штатындағы ең ірі медициналық мекемелердің бірі - MaineHealth 531 науқасқа олардың "қайтыс болғаны" туралы жалған хабарлама жіберді. Хаттарда жақындарына мүліктік істер мен мұра мәселелерін шешу туралы нұсқаулар да берілген, деп жазады The Guardian.

Көп ұзамай MaineHealth өкілдері оқиғаның себебін түсіндіріп, мұндай қателік "мұрагерлік істері бойынша мәліметтерді қалыптастыратын" IT жүйесіндегі техникалық ақаудың салдарынан болғанын мәлімдеді. Олар жәбірленушілерден шын жүректен кешірім сұрап, қателіктің жойылғанын хабарлады.

Компанияның мәлімдемесінде айтылғандай, барлық медициналық деректер базасында науқастардың тірі екені туралы жазбалар сақталған.

Сонымен қатар, мұндай хатқа таңғалғандар да болды. Аноним қалғысы келген бір әйел CBS13 телеарнасына берген сұхбатында былай деді:

- Мен тексерістен өткен ауруханадан көңіл айту хатын алдым. Шынымды айтсам, қатты қобалжыдым. Содан кейін ауруханаға қоңырау шалдым, қызметкер: "Сіздің әлі де аман-сау екеніңізді естігеніме қуаныштымын," - деді. Мен: "Иә, мен де," - дедім.

Науқас сондай-ақ мұндай қателік оның медициналық ақпаратына әсер етуі мүмкін деп алаңдады:

- Мен тіпті бұл ақпаратты қайдан алғанын да білмеймін, - деді ол.

Осылайша, бірнеше минутқа "ресми қайтыс болғандар" тізіміне енген жүздеген науқас оқиғадан кейін шынайы шок жағдайын бастан кешірді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » АҚШ-та 500-ден астам науқасқа "қате өлім хаты" жіберілді