date

АҚШ-та ұшақ қарбалас жолға қонды (видео)

АҚШ-та ұшақ қарбалас жолға қонды (видео)

АҚШ-тың Джорджия штатында орналасқан Гейнсвилл қаласында бір қозғалтқышты жеңіл ұшақ жолға мәжбүрлі түрде қонуға мәжбүр болды. Салдарынан екі азамат түрлі дәрежеде жарақат алды. Бұл туралы The New York Post басылымы хабарлады.

Белгілі болғандай, Hawker Beechcraft BE-36 әуе кемесінің қозғалтқышы ұшу кезінде, яғни Гейнсвилл әуежайынан көтерілген кезде істен шыққан. Осыдан кейін экипаж жағдайды ескере отырып, ұшақты қала ішіндегі көліктер көп жүретін қиылысқа қондыру туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, қону кезінде ұшақ үш автокөлікке тиген. Сондай-ақ ол жол жиегінде тұрған көліктердің бірінің артқы жағында орналасқан жанармай багына соғылып, оны зақымдаған.

Гейнсвилл қалалық полиция капитаны Кевин Холбруктың айтуынша, ұшақ ешқандай бағанаға немесе электр желілеріне тимеген. Ол тек үш рет көлікпен соқтығысқан.

Телеарнаның хабарлауынша, оқиға салдарынан жарақат алған екі адамды жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға жеткізген. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » АҚШ-та ұшақ қарбалас жолға қонды (видео)