date

Израиль соққысы: "Басидж" барлауының басшысы жойылды

Израиль соққысы: "Басидж" барлауының басшысы жойылды

Таяу Шығыстағы шиеленіс күшейіп келеді. Израиль армиясының баспасөз қызметі хабарлағандай, 16 март күні жасалған әуе соққылары нәтижесінде Тегеранда Иранның "Басидж" барлау бөлімінің басшысы Исмаил Ахмадидің көзі жойылды.

Дереккөздің айтуынша, бұл операция Иранның әскери құрылымдарына бағытталған кезекті нақты соққылардың бірі болған. Айтуынша, Исмаил Ахмади ел ішіндегі қауіпсіздік пен барлау қызметінде маңызды рөл атқарған тұлға саналған.

Сонымен қатар, оның тікелей басшысы - Ғұлам Риза Сүлеймани де бірнеше күн бұрын әуе шабуылдарынан қаза тапқан еді.

Бақылаушылардың пікірінше, жоғары лауазымды әскери қызметкерлердің бірінен соң бірі жойылуы аймақтағы жағдайды одан әрі қиындатып, текетіресті күшейтуі мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Израиль соққысы: "Басидж" барлауының басшысы жойылды