date

АҚШ-та ғалымдар жұмбақ жоғалуда: күмәнді жағдайлардың артында не бар?

АҚШ-та ғалымдар жұмбақ жоғалуда: күмәнді жағдайлардың артында не бар?

АҚШ-та қорғаныс және ғылыми салада қызмет еткен бірқатар мамандардың құпия түрде жоғалып бара жатқаны туралы хабар тарады. Бұл туралы ирландиялық журналист Чей Боуз хабарлады.

Оның айтуынша, 2025 жылдың ортасында басталған бұл жағдайлар озық аэроғарыш технологиялары, плазма физикасы, термоядролық синтез және зымыран салаларында жұмыс істеген ғалымдармен байланысты. Атап айтқанда, аэроғарыш инженері Моника Хасинто Реза із-түссіз жоғалған, оның тағдыры әлі белгісіз. Сондай-ақ, 2026 жылдың март айында Уильям Нил Маккасланд та құпия түрде жоғалып кетті.

Журналист кейбір жағдайларда зорлық-зомбылық ықтималдығын да жоққа шығармайды. Мысалы, Массачусетс технологиялық институтына қатысы бар ғалым Нуно Лоурейро мен Калифорния технологиялық институтының астрофизигі Карл Гриллмейрдің қаза тапқаны айтылды.

Қазіргі уақытта ресми органдар, соның ішінде Федералдық тергеу бюросы бұл жағдайлар арасында өзара байланыс бар екенін растаған жоқ. Әрбір оқиға жеке-жеке тергелуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » АҚШ-та ғалымдар жұмбақ жоғалуда: күмәнді жағдайлардың артында не бар?