date

Үндістандағы қайғылы оқиға: мереке кезінде піл адамды таптап өлтірді

Үндістандағы сұмдық жағдай: мереке кезінде піл адамды басып өлтірді

Үндістандағы ғибадатхана мерекесі қайғылы оқиғамен аяқталды. Керала штатында өткен рәсім кезінде піл бақылаудан шығып, бір адамның өмірін қиды.

Мәлім етілгендей, оқиға Ангамали ауданындағы ғибадатхана маңында болған. Мерекеге арнайы әкелінген піл кенеттен агрессивті күйге көшіп, айналасындағыларға шабуыл жасаған.

Салдарынан 40 жастағы Вишну қаза тапты. Айта кетерлігі, ол дәл осы пілді рәсімге алып келген адам болған.

Сондай-ақ, тағы бір азамат — Прадип әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, піл шабуылы кезінде бірқатар автокөлік пен скутер аударылып, аймақта үлкен дүрбелең орын алған. Шамамен екі сағатқа созылған тәртіпсіздіктен кейін жануар арнайы тыныштандырғыш құралдардың көмегімен ұйықтатылды.

Одан кейін піл бақылауға алынып, ғибадатхана жанындағы ағашқа байланды. Бұл жағдай мерекелік шараларда қауіпсіздік шараларын одан әрі күшейту қажеттігін көрсетіп отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Үндістандағы қайғылы оқиға: мереке кезінде піл адамды таптап өлтірді