Chevrolet Cobalt және Damas үшін бөліп төлеудің жаңа шарттары жарияланды

Chevrolet Cobalt және Damas үшін бөліп төлеудің жаңа шарттары жарияланды

UzAuto Motors 7 қазаннан бастап Chevrolet Cobalt және Damas автомобильдерін банк қатысуынсыз, тікелей бөліп төлеу негізінде сатуды жолға қойды.

Жаңа шарттарға сәйкес, Cobalt сатып алғанда бастапқы жарна 50 пайызды құрайды. Қалған сома 24 ай ішінде бөліп төленеді. Бұл ретте ай сайынғы төлем 3 млн 252 мың сумнан басталады.

Damas үшін бастапқы жарна мөлшері 30 пайыз болып белгіленген. Автомобиль үшін қалған төлем 30 ай ішінде жүзеге асырылады. Ай сайынғы төлем 2 млн 173 мың 640 сумға тең келеді.

UzAuto Motors хабарлауынша, келтірілген есептеулер автомобильдердің базалық жиынтықталымдары негізінде дайындалған. Сатып алушы таңдайтын жиынтықталымға қарай бастапқы және ай сайынғы төлемдер мөлшері өзгеруі мүмкін.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар