Электромобиль өндірушісі Tesla тарихында алғаш рет әлемдік автоөнеркәсіптің алыптарының бірі - Mercedes-Benz-ті сатылым көрсеткіштері бойынша басып озды.
Үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанында Tesla 497 099 көлік сатса, Mercedes 441,5 мың көлік сатуға қол жеткізді. Осылайша, Илон Маск басқаратын компания бәсекелесінен 12,6%-ға көп сауда жасады.
Бір қызығы, Mercedes-тің осы кезеңдегі сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 12,3%-ға төмендеді, ал Tesla-да керісінше 7,4%-ға өсті.
Автокөлік өнеркәсібі сарапшыларының пікірінше, Tesla-ның бұл нәтижесі әлемде электромобильдерге деген сұраныстың артып келе жатқанын тағы бір рет растады. Сондай-ақ, компания модельдерінің энергия үнемдеуі мен баға саясаты да сатып алушыларды қызықтырады.
Ақпарат үшін, Mercedes-Benz өзінің алғашқы көлігін 1901 жылы, ал Tesla 2004 жылы шығарған. Дегенмен, Tesla қысқа уақыт ішінде нарықтағы жетекші брендтердің қатарына кірді.