date

Қандай аурулар кезінде қауіпсіздік белдігін тақпауға рұқсат етіледі?

Қандай аурулар кезінде қауіпсіздік белдігін тақпауға рұқсат етіледі?

Денсаулық сақтау министрлігі көлікте қауіпсіздік белдігін тақпауға рұқсат етілген жағдайлар тізімін қоғамдық талқылауға ұсынды.

Жобаға сәйкес, 17 түрлі ауру мен медициналық жағдайда жүргізушілер мен жолаушыларға қауіпсіздік белдігін тақпауға рұқсат етіледі. Олардың арасында қабырға, иық немесе омыртқа сүйектерінің сынуы, созылмалы жүрек және өкпе ауруларының ауыр кезеңдері, бронх демікпесі (IV кезең), 40-тан астам BMI бар семіздік, аласа бойлылық (150 см-ден төмен), кеуде аймағындағы тері аурулары және жақында жасалған операциялар бар.

Тізімдегі себептер қатарына жүктілік те енгізілген. Мұндай жағдайда азаматтарға QR-кодты электронды медициналық анықтама беріледі. Оның қолданылу мерзімі 6 ай деп белгіленген.

Жауаптылар бұл бастаманың мақсаты - денсаулығына қауіп төнген азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау және медициналық қажеттіліктерді ескеру екенін айтады.

Құжат әзірге талқылау сатысында және әлі күшіне енген жоқ. Сондықтан қауіпсіздік белдігін тақпау әзірге заңды негізге ие емес.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Авто » Қандай аурулар кезінде қауіпсіздік белдігін тақпауға рұқсат етіледі?