date

Nike Tech саяси оқиға аясында қалай трендке айналды?

Nike Tech саяси оқиға аясында қалай трендке айналды?

АҚШ әскері Венесуэла президенті Николас Мадуроны қолға түсірген суреттер әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Бұл суреттерде Мадуроның үстіндегі "Nike Tech Fleece" спорттық киімі күтпеген жерден трендке айналды.

Дональд Трамп Truth Social платформасында жариялаған суреттен кейін, Google Trends мәліметтері бойынша, небары екі күн - 4-5 январь аралығында "Nike Tech," "сұр Nike Tech" және "Nike Tech tracksuit" кілт сөздеріне деген қызығушылық күрт артты. Кейбір іздеулер бойынша танымалдылық индексі максималды 100 баллға жетті.

Нәтижесінде Nike-тің ресми сайтында бұл модельдің бірнеше өлшемі қысқа уақыт ішінде сатылып кетті. Атап айтқанда, Мадуроның өзі киген 3XL өлшемі шамамен бір сағат ішінде сатып алынды.

Мәліметтерге қарағанда, толық спорт жиынтығы - толстовка мен шалбардың бағасы 270 долларды құрайды. Сырт киім 145 доллардан, ал джогер шалбар 125 доллардан сатылуда.

Күтпеген саяси оқиға спорт киімдері нарығында да өзіндік "жарнама әсерін" тудырды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Экономика » Nike Tech саяси оқиға аясында қалай трендке айналды?